2025 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтында Ғылыми даму мектебі аясында «Ғылыми зерттеулер жүргізу әдістемесі» курсын тәмамдаған 1‑Институт қызметкерлеріне сертификаттар табысталды.
Бағдарлама дербес зерттеу дағдыларын дамытуға, ғылым саласындағы заңнаманы зерделеуге, тәжірибелерді жоспарлау әдістерін игеруге және академиялық қарым-қатынас орнатуға бағытталған болатын. Қатысушылар қолданбалы және іргелі зерттеулер саласындағы құзыреттіліктерін арттырып, нәтижелерді сыни бағалау дағдыларын жетілдірді әрі Академияның жетекші ғалымдарының тәжірибесімен танысты.
Оқыту қорытындысы бойынша тыңдаушылар компьютерлік тестілеуден сәтті өтіп, олардың кәсіби тұрғыдан өскенін және алдағы зерттеу жұмыстарына дайын екенін растайтын сертификаттарға ие болды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz
