2025 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Әзербайжан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Ғылыми-білім беру орталығының басшысы Фазиль Аскер оглы Гасаналиев келді. Сапар «Заң мен тәртіп — тұрақтылық пен прогрестің негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында өтті.
Ректор Нұрғалым Әбдіров Академияның қызметін, құрылымын, кадрлар даярлау жүйесін, ғылыми бағыттарын және халықаралық жобаларын таныстырды. Цифрлық білім беру технологиялары мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламаларына ерекше көңіл бөлінді.
Фазиль Гасаналиев Әзербайжанның Ғылыми-білім беру орталығының жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, оқытудың заманауи түрлерінің дамуы мен ғылыми бөлімнің нығаюын атап өтті.
Тараптар серіктестікті кеңейту, тәжірибе алмасу және бірлескен іс-шаралар өткізу мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін нақтылады.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz


