2025 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисімен бірлесіп «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік: алынған сабақтар мен келесі қадамдар» атты Ұлттық конференциясын өткізді.
Іc-шара мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, дипломатиялық қауымдастық пен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін бір арнаға тоғыстырды. Қатысушылар 2022-2025 жылдарға арналған ӘБҚ жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспарының жүзеге асырылуын, негізгі нәтижелері мен жаңа кезеңнің бағыттарын талқылады.
Үш сессия барысында әйелдердің қауіпсіздік саласына қатысуы, құқық қорғау органдарының қызметіне гендерлік тәсілді енгізу, Қазақстанның бітімгершілік үлесі, сондай-ақ ӘБҚ-ның күн тәртібі және жаһандық трендтері мен ЕҚЫҰ тәжірибесі мәселелері қаралды.
Топтық жұмыс кезінде үйлестіру, бақылау және өңірлермен өзара іс-қимыл жөнінде ұсыныстар әзірленді. Академия гендерлік тәсілдерді ескере отырып, білім беру және зерттеу бастамаларын таныстырды.
Конференция қорытынды ұсынымдарды бекітумен және одан әрі ынтымақтастыққа дайындықты растаумен аяқталды.




