2025 жылғы 28 қарашада Құқық қорғау органдары академиясында «NitecAI» жасанды интеллектінің инновациялық платформасы таныстырылды. Іс-шара кәсіби оқыту институтының профессорлық-оқытушылар құрамына арналды. Платформаны «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы AI департаментінің project manager Лаура Ажбагамбетова таныстырды.
Қатысушыларға деректерді талдауды автоматтандыру, оқу материалдарын әзірлеу, тест тапсырмаларын құрастыру және мәтіндерді аудару сияқты «NitecAI» платформасының негізгі мүмкіндіктері көрсетілді. Бұл құралдар Академия қызметкерлерінің оқу процесі мен жұмыс тиімділігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер береді.
Презентациядан кейін платформаны Академияның күнделікті қызметіне енгізу перспективалары талқыланды. «ҰАТ» АҚ өкілдері «NitecAI» платформасы Қазақстанның құқық қорғау саласын цифрландырудағы маңызды қадам болатынын атап өтті.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz




