Киберқылмыстарды цифрлық тергеу бойынша біліктілікті арттыру

2025 жылғы 24-28 қарашада Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Киберқылмыстарды цифрлық тергеу» біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Бағдарлама желілік ортада цифрлық дәлелдемелермен жұмыс істейтін және қылмыстарды тергейтін қызметкерлердің тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталды.

Тыңдаушылар цифрлық криминалистиканың заманауи әдістерін, деректерді талдау құралдарын, криптовалюталар мен виртуалды активтерді пайдаланып жасалған қылмыстарды тергеудің ерекшеліктерін үйренді. Кәсіби құзыреттіліктерді үнемі жетілдіруді талап ететін цифрлық қауіп-қатерлердің маңызы артқаны айтылды.

Оқытуды Академияның профессор-оқытушылар құрамы жүргізіп, киберсаладағы тәжірибелік жағдайлар мен өзекті мәселелерге ерекше назар аударды. Курс соңында қатысушылар жаңа құзыреттерді меңгергенін растайтын сертификаттар алды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz