Құқық қорғау органдары академиясында магистранттар мен докторанттар үшін «Жаһандық-қатерлер және ұлттық мүдделер контекстінде қылмыстық саясаттың өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Іс-шара ғылыми дискуссия форматында өтіп, қылмыстық, қылмыстық-атқару және қылмыстық-процестік заңнаманы дамытудың негізгі бағыттары, қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл мәселелері және құқық қорғау органдарының қызметінде заманауи технологияларды қолдану қаралды.
Алынған ұсынымдар ғылыми жұмыстарды, оның ішінде диссертацияларды дайындауда өзекті болады. Мұндай іс-шаралардың жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастырудағы маңызы жоғары бағаланды.
Құқық қорғау органдары академиясы білім мен тәжірибе алмасу алаңын қамтамасыз етуді жалғастырып, құқықтық ғылымның дамуына және қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етуді жалғастыруда.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz






