2025 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында магистранттар мен докторанттарға арналған «Құқық қорғау органдарының қызметіндегі қылмыстық саясатты жүзеге асыру» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Іс-шара ғылыми пікірталас түрінде өткізіліп, диссертациялық зерттеулерді дайындауға қажетті құзыреттілікті дамытуға, сондай-ақ қылмыстық саясатты жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеуге бағытталды.
Қатысушылар Қазақстан мен Ресейдің қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын дамытудың негізгі бағыттарын, қазіргі заманғы қылмыс түрлеріне қарсы күрес мәселелерін, қылмыстық сот ісін жүргізу мен тергеуді криминалистикалық қолдаудың ерекшеліктерін талқылады.
Мұндай семинарлар жас ғалымдардың зерттеу әлеуетін нығайтуға, заң білімінің сапасын арттыруға және құқық қорғау жүйесінің тәжірибелік қажеттіліктеріне бағдарланған ғылыми қауымдастықты қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді.
Академия құқық және заңдылықты қамтамасыз ету саласындағы заманауи тәсілдерді ілгерілетуге бағытталған кәсіби және халықаралық ғылыми платформаны дамытуды жалғастыруда.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz


