2025 жылдың 19 қарашасында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтында Ғылыми даму мектебінің «Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесі» курсы аясында «Гранттық қаржыландыру» тақырыбында сабақ өткізілді.
Дәріскер ретінде заң ғылымдарының докторы, доцент, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінін Заңнама және құқықтық ақпарат институтының бөлім басшысы С.Д. Бекишева сөз сөйледі. Сабақ барысында гранттық жобаларға қатысу мүмкіндіктері, өтінімдерге қойылатын талаптар, іріктеу критерийлері және конкурстық рәсімдердің ерекшеліктері егжей-тегжейлі ашылды.
Тыңдаушылар гранттық өтінімдерді дайындау бойынша практикалық ұсыныстар алды, ғылыми бастамаларды қолдаудың өзекті тетіктерімен танысты.
Мұндай сабақтарды өткізу зерттеу мәдениетін дамытуға, ғылыми құзыреттілікті кеңейтуге, жас ғалымдардың ұлттық және халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысуын ынталандыруға ықпал етеді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz


