2025 жылғы 13-14 қарашада Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп жедел қызметтің психологиялық ерекшеліктеріне арналған семинар-тренинг өткізді.
Жұмысқа Қазақстан РеспубликасыҰлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы, Алматы, Жетісу және Алматы облыстарының Экономикалық тергеу департаменттерінің қызметкерлері қатысты. Оқыту профильдеу, қақтығыстарды басқару және жедел жұмыста тиімді коммуникация бойынша негізгі құзыреттерді пысықтауды қамтыды.
Семинар форматы тәжірибе алмасуға және практикалық жағдайларды талқылауға ықпал етті. Қатысушылар ұсынылған әдістемелердің практикалық құндылығын және оларды ағымдағы қызметтік қызметте қолдану мүмкіндігін атап өтті.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz

