2025 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Ғылыми даму мектебі шеңберінде «Гранттық қаржыландыру» тақырыбында сабақ өткізілді.
Тындаушыларға «Нархоз» университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы, доцент А.А. Мукашеваның және Шымкент университетінің Құқық және тарих кафедрасының доценті, PhD докторы Р.Ережепқызының дәрістері ұсынылды.
Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасындағы ғылыми жобаларды гранттық қолдау тетіктерімен егжей-тегжейлі танысты. Байқауларға қатысу шарттары, өтінім дайындау ерекшеліктері, іріктеу критерийлері мен рәсімдері жан-жақты түсіндірілді.
Сабақ тыңдаушылардың зор қызығушылығын тудырып, оларды ғылыми-зерттеу қызметіне және гранттық бағдарламаларға белсенді қатысуға ынталандырды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz