2025 жылғы 7 тамызда Құқық қорғау органдары академиясы Бас прокуратураның Норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаментімен бірлесіп Конституцияның 30 жылдығына арналған «Ата заң – тәуелсіздік тірегі» атты викторина өткізді.
Іс-шараны Академияның проректоры Қалиолла Сейтенов ашып, Конституцияның тәуелсіздіктің және құқықтық дамудың негізі ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
Тоғыз тыңдаушылар командасы Конституция қағидаттары, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ конституциялық құрылыстың қалыптасуы мен даму тарихы бойынша білімдерін көрсетті. Қатысушылар үш кезеңнен өтті: «Блиц-сұрақтар», «Шын немесе жалған» және «Кейс шешімі».
Викторинадан кейін Бас прокуратураның Норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаменті бастығының орынбасары Бекжан Ермуханбетұлы жастармен құқықтық мәдениет пен қоғам өміріне белсенді қатысудың маңыздылығы туралы әңгіме өткізді. Сонымен қатар «Конституция және менің өмірім» тақырыбында эссе байқауы жарияланды.
Жеңімпаздар кубоктармен және грамоталармен марапатталды. Іс-шара музыкалық нөмірмен және естелік фотосуретке түсумен аяқталды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz