Академия Абай күнін театрландырылған қойылыммен атап өтті

Бүгін Қосшы қаласының Мәдениет және спорт орталығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлына арналған театрландырылған қойылым өтті.

«Абай мәңгі жүректе» атты қойылымда Абай өмірінің эпизодтары, М. Әуезовтың «Абай жолы» шығармасынан алынған көріністер ұсынылды. Поэзия мен домбыра әуендері шырқалып, ұлттық билер орындалды. Қойылымда адамгершілік, әділдік, руханилық және ұлы ақынның қалыптасуы сияқты тақырыптар ашылып, қазақ халқының бай дәстүрі мен тұрмысы көрініс тапты.

Академия тыңдаушыларының шығармашылық көзқарасы және қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгеруі көрермендерге Абай мұрасына құрметпен қарауға және оның бүгінгі Қазақстан үшін маңызды философиясын сезінуге мүмкіндік берді.

Іс-шара болашақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мәдени және рухани тәрбиесінің маңызды бөлігіне айналып, Абай шығармашылығының қазіргі жастар үшін мәнін айқындады.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz