Академия және сарапшылар: ықпал саудасы үшін қылмыстық жауаптылық

2025 жылғы 31 шілдеде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Ықпал саудасын қылмыстық жауаптылыққа тарту (белсенді және пассивті түрлері): халықаралық тәжірибе және ұлттық заңнамаға енгізу» тақырыбындағы ведомствоаралық ғылыми зерттеуге арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Бас прокуратура өкілдері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, шетелдік сарапшылар мен ғалымдар қатысты.
Қатысушылар халықаралық тәжірибені және ғылыми қауымдастық ұсынған тәсілдерді ескере отырып, ықпал саудасын қылмыстық-құқықтық реттеудің заманауи бағыттарын талқылады.

Зерттеу авторлық ұжымының ықпал саудасын дербес қылмыс құрамы ретінде заңнамалық тұрғыдан бекіту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілерінің аясын жеке тұлғаларды қамти отырып кеңейту, сондай-ақ осы саладағы жауапкершілікті реттейтін құқықтық нормалардың анықтығы мен нақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бастамалары қолдау тапты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша заңнаманы жетілдіруге және Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz