Академия адам саудасы құрбандарын қорғау бойынша тренингтерді аяқтады

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық қорғау органдары академиясы адам саудасы құрбандарын анықтау және қайта бағыттау бойынша стандартты рәсімдерді оқытуға арналған республикалық тренингтердің қорытындысын шығарды.

Ішкі істер министрлігі мен Халықаралық көші-қон ұйымының бастамасымен өткен іс-шаралар 2025 жылдың сәуір–шілде айларында Астана мен Алматы қалаларында барлық өңір өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Оқыту полиция, еңбек инспекциясы, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, дипломатиялық қызмет, шекара қызметі және ҮЕҰ қызметкерлерін қамтыды.

Тренингтер құрбандарға бағытталған тәсілді енгізуге ықпал етіп, оларды дер кезінде анықтауға және дағдарыс орталықтарына жіберуге мүмкіндік береді. Бірыңғай жұмыс стандарттары әрекет ету уақытын қысқартып, құрбандардың қайта пайдаланылуына жол бермейді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz