Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында синтетикалық есірткілерді пайдалану арқылы жасалатын қылмыстарды және кірістерді жылыстату схемаларын анықтауға арналған төрт күндік семинар-тренинг өз мәресіне жетті. Оған тәжірибе алмасу және заманауи қарсы іс-қимыл тәсілдерін меңгеру үшін Орталық Азия елдерінің құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Академия оқыту жұмысына қолдау көрсеткен халықаралық серіктестеріне, соның ішінде БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасына (UNODC), INL және Орталық Азиядағы есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі аймақтық үйлестіру орталығына алғысын білдірді. БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының Орталық Азиядағы бағдарламасының халықаралық үйлестірушісі Ю.Курбоновқа Академия ректоры Марат Сексембаевтың атынан алғыс хат тапсырылды.
Семинар аяқталған соң барлық тыңдаушыларға курстан өткендігі жөнінде сертификаттар берілді. Өз кезегінде олар оқытудың жоғары деңгейін және тәжірибеге бағытталған мазмұнын ерекше атап өтіп, Академияның бүгінгі күні тек білім беру ұйымы емес, сонымен бірге қылмыстарды ашуда заманауи технологияларды енгізу алаңы екенін жеткізді.
Семинар қорытындылары өңір елдері арасында бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға және тәжірибе алмасуға жаңа мүмкіндіктер ашты.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz