2025 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында синтетикалық есірткілерді интернет арқылы сату және криптовалюта арқылы жүргізілетін есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған төрт күндік халықаралық оқу семинары басталды.
Іс-шара БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), АҚШ Мемлекеттік департаментінің халықаралық бағдарламалар жөніндегі бюросы (INL), сондай-ақ Орталық Азия өңірлік ақпараттық-үйлестіру орталығы (ОАӨАҮО) сияқты халықаралық серіктестердің қолдауымен өткізіліп жатыр.
Академия құқық қорғау кадрларын даярлауда заманауи шешімдерді енгізудің бастамашысы ретінде әрекет етеді. Семинар аясында KazDream және Astana IT University сияқты жетекші технологиялық ұйымдар серіктес ретінде тартылды. Оқу цифрлық тергеу, OSINT әдістері, цифрлық іздерді талдау және үлкен деректермен жұмыс істеуге, яғни тәжірибеге бағытталған.
Семинарға Орталық Азияның бес елінен – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан есірткі қылмысына цифрлық ортада қарсы күрес жүргізіп жүрген құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысуда.
Академия қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында білім, тәжірибе және технологиялар тоғысатын өңірлік білім беру орталығы ретіндегі рөлін растауда.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz