Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Орталық Азия өңірлік ақпараттық-үйлестіру орталығы және БҰҰ Есірткі және қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігі басшылығымен кездесу өтті.
Академия тарапынан бірінші проректор Қ. Сейтенов, сондай-ақ Кәсіби білім беру институтының басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Орталық Азия өңірлік ақпараттық-үйлестіру орталығы тарапынан ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы А. Эркабоев және БҰҰ ЕҚБ өңірлік бағдарламасының халықаралық үйлестірушісі Ю. Курбонов қатысты.
Іс-шара барысында тараптар есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, кадрларды даярлау, бірлескен тренингтер мен тағылымдамалар өткізу, сондай-ақ өңір елдері арасындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, болашақ оқыту іс-шаралары мен ғылыми зерттеулерді жоспарлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу Академияның өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық өзара іс-қимыл алаңы ретіндегі маңыздылығын көрсетті.
Қорытындысында тараптар ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін білдіріп, жүйелі бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz