Академия магистратура мен докторантура түлектерін құттықтайды

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы кезекті оқу жылының сәтті аяқталғанын хабарлап, 2025 жылы магистратура мен докторантураны тәмамдаған түлектерді академиялық мансабындағы маңызды кезеңге жетуімен құттықтайды.

Бүгін салтанатты диплом табыс ету рәсімі өтті. 64 магистрант пен 13 докторант диплом алды.

Академия ректоры Марат Сексембаев: «Бұл күн – әрбір түлек үшін маңызды кезең. Сіздер табандылық пен еңбекқорлық танытып, мақсатқа жету жолындағы барлық қиындықтарды еңсердіңіздер. Біз сіздердің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз және алда үлкен табыстарға жетіп, құқық қорғау органдарының дамуына қомақты үлес қосатындарыңызға сенімдіміз», – деп түлектерді оқуын сәтті аяқтауларымен құттықтады.

Оқу озаттары мен қоғамдық өмірге белсене қатысқан түлектер Академия ректорының грамоталарымен марапатталды.

Академия өз түлектерін шын жүректен құттықтап, оларға амандық пен жаңа кәсіби жеңістер тілейді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz