Академия Экономикалық тергеу қызметі үшін жас офицерлерді дайындап шығарды

2025 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің акт залында Экономикалық тергеу қызметіне арналған алғашқы кәсіби даярлықтан өткен тыңдаушыларды салтанатты шығару рәсімі өтті.

Іс-шара алғаш рет Агенттік ғимаратында ұйымдастырылды. Бұл түлектер үшін ерекше маңызды оқиға болды. Олар болашақ қызмет орнының қабырғасында оқу курсын аяқтау туралы куәлікті алу рәсіміне ерекше мән беріліп, таңдалған кәсіби жолдың маңыздылығы айқындала түсті.

Салтанатты жиында Агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов сөз сөйлеп, қызметтің басталуы – бұл жаңа кезеңге өту ғана емес, кәсіби жетілуге арналған маңызды сынақ екенін атап өтті. Ол жас қызметкерлердің оқытушылары мен ата-аналарына алғысын білдіріп: «Бұл – тек білім емес, жоғары жауапкершілік, адалдық және үнемі жетілдіруді талап ететін маңызды белес, үлкен жолдың басы», – деді.

Академия ректоры Марат Сексембаев өз құттықтау сөзінде Агенттік басшылығына іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, жас офицерлерге қызметтерін абыроймен атқарып, жоғары миссияны әрдайым ескеріп, мемлекет пен ел азаматтарының мүддесін басшылыққа алуды тіледі.

Оқу қорытындысы бойынша үздік бітірген түлектер оқуда және Академияның қоғамдық пен спорттық өміріне белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды. Бұл марапаттар олардың жеке жетістіктерін мойындау ғана емес, болашақ қызмет жолына үлкен серпін берді.

Рәсімге ата-аналардың шын жүректен шыққан құттықтаулары ерекше әсер берді. Олардың қолдау мен мақтанышқа толы тілектері іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі болып, түлектерге отбасының сенімі мен кәсіби қалыптасуына артылған үмітті еске салды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz