2025 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері мен магистранттары Астана қаласындағы «Ана үйі» қоғамдық қорының дағдарыс орталығында қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерге арналған оқыту іс-шарасын ұйымдастырды.
«Өзіңді құқықтық салада қалай қорғауға болады?» тақырыбындағы тренинг құқықтық тәртіпті насихаттауға және әлеуметтік осал топтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенінің бір бөлігіне айналды. Әйелдер өз құқықтары, заң көмегін алу мүмкіндіктері, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайда әрекет ету алгоритмдері туралы ақпарат алды.
Кездесу барысында қатысушыларға құқықтық қолдау алу жолдарын көрсететін бейнематериалдар мен көрнекі құралдар ұсынылды. Сонымен қатар қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын сенімді мамандардың байланыс деректері берілді.
Мұндай бастамалар құқықтық сананы кеңейтуге, әйелдердің құқықтық қорғалғандығына деген сенімділігін арттыруға ықпал етіп, қауіпсіз әрі әділетті қоғам құруға негіз қалайды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz