2025 жылғы 9-14 маусым аралығында Қырғыз Республикасында ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілі мен үйлестірушісінің бюросы ұйымдастырған адам саудасына және заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі екінші өңірлік симуляциялық жаттығу өтті.
Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстаннан 145 өкіл қатысты.
Мұндай алғашқы оқу-жаттығулар 2023 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының базасында өткен.
Оқу-жаттығуды Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің вице-спикері Нурланбек Азыгалиев ашты, ол өз сөзінде өңір мемлекеттерінің үйлестірілген күш-жігерінің маңыздылығын атап өтіп, Қырғызстан азаматтарын Мьянмадағы еңбек құлдығынан босатуға көмектескені үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдірді.
Мемлекеттік органдардың қызметкерлерін мигранттар мен босқындар арасында адам саудасынан оларды анықтау бойынша практикалық оқытуға, сондай-ақ оларға көмек көрсететін ұйымдарға қайта бағыттау кезінде стандартты рәсімдерді пайдалануға басты назар аударылды.
Құқық қорғау органдары академиясы қазақстандық делегация өкілдеріне (БП, ІІМ, Еңбек министрлігі, «Феникс» даму және бейімдеу орталығы, Петропавл қаласының «Әйелдерді қолдау орталығы», «Астана-Қорғау» ЖҚ, «Korgau-Astana» қоры, Дағдарыс орталықтарының қауымдастығы және «Тирек» Адам құқықтары жөніндегі орталығы) симуляциялық оқытуға белсенді қатысқаны және жоғары кәсібилік танытқаны үшін алғыс білдіреді.