Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 8D04201 – «Құқықтану» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Мұхтар Бейбітұлы Садықовтың «Құқық қорғау қызметіндегі жасанды интеллект: құқықтық және ұйымдастырушылық-тактикалық аспектілері» тақырыбындағы диссертациясы философия докторы (PhD) дәрежесін алуда қорғалады.
Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.
Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Жалпы заң пәндері кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі: орыс.
Диссертациялық кеңестің құрамы: https://academy-gp.edu.kz/?page_id=5891&lang=kk
Диссертациялық кеңестің қосымша уақытша мүшелері: тағайындалмаған.
Ғылыми кеңесшілер:
— Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бірінші проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Қ.Қ. Сейтенов;
— Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басқару институтының профессоры әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор А.А. Тынышбаева;
— В.Ф. Яковлев атындағы Урал мемлекеттік заң университетінің (Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы) И.Ф. Герасимов атындағы криминалистика кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, доцент Д.В. Воронков.
Ресми рецензенттер:
— Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Мәскеу академиясының бастығы, әділет генерал-майоры, заң ғылымдарының докторы, доцент А.А. Бессонов;
— Ташкент мемлекеттік заң университетінің Кибер құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор С.С. Гулямов.
Қорғау 2025 жылғы 04 шілдеде сағат 11.00-де Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94 құрылыс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының диссертациялық кеңесінде өтеді.
Сайт мекен-жайы: http://academy-gp.edu.kz/.
Құжаттар