ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 8D04201 «Құқықтану» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Алмас Муратович Амировтың «Дербес деректер және оларды қорғау саласындағы заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалау» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алуға диссертациясы қорғалады.

Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Жалпы заң пәндері кафедрасында орындалды.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертациялық кеңестің құрамы: https://academy-gp.edu.kz/?page_id=5891&lang=kk

Диссертациялық кеңестің қосымша уақытша мүшелері: тағайындалмаған.

Ғылыми кеңесшілер:

— Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Н. Бегалиев;

— Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Жалпы заң пәндері кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент (қауымдастырылған профессор) А.В. Сырбу;

— В.Ф. Яковлев атындағы Уральск мемлекеттік заң университетінің И.Ф. Герасимов атындағы криминалистика кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, доцент Д.В. Воронков.

Ресми рецензенттер: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 126 бұйрығымен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің 21-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының диссертациялық кеңесімен (бұдан әрі – диссертациялық кеңес) құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тағайындалады.

Қорғау 2025 жылғы 3 сәуірде сағат 15.00-де Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94 құрылыс мекенжайы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Веб-сайт: http://academy-gp.edu.kz/

Құжаттар