Академияның 10 жылдығы қалалық марафонға қатысуымен есте қалады

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының 10 жылдығына арналған іс-шаралар аясында 2025 жылғы 1 маусымда Академия қызметкерлері ASTANA HALF MARATHON 2025 қалалық жарысына қатысты.

Ауқымды спорттық іс-шараға еліміздің әр өңірінен және 38 шет мемлекеттен 6 мыңнан астам адам қатысты. Жарысты «Бірінші болуға батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырды.

Марафон Халықаралық марафондар мен жүгірулер қауымдастығының (AIMS) ресми күнтізбесіне енгізілген және бағыт World Athletics талаптарына сәйкес сертификатталған.

Жол бағыты Астананың көрікті жерлері: Тәуелсіздік алаңы, Есіл өзенінің жағалауы, «Бәйтерек» монументі, Abu Dhabi Plaza кешені және EXPO павильондары арқылы өтті.

Академия командасы 10 шақырымдық қашықтықты абыроймен жүгіріп өтіп, жоғары төзімділік пен табандылықты көрсетті. Қатысушыларға ерекше серпін мен қолдау көрсеткен әріптестері белсенді жанкүйер ретінде ерекше атмосфера қалыптастырды.

Жүгіру қорытындысы бойынша барлық қатысушылар естелік медальдармен марапатталды бұл ерік-жігер мен жеңіске деген ұмтылысты мойындау.

Марафон жарысы Академия қызметкерлерінің салауатты өмір салты, командалық рух және корпоративтік мәдениетті нығайту қағидаттарына адалдығының айқын дәлелі болды.