2025 жылғы 26-27 мамырда ҚазақстанРеспубликасы Бас прокуратурасының жанындағыҚұқық қорғау органдары академиясы «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары үшін екі күндік оқыту семинарын өткізді. Семинар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа, тәуекелдерді басқаруға және ақшаны жылыстатудың алдын алуға арналды.
Іс-шара бағдарламасы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының стратегиясын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау мен басқаруды, халықаралық тәжірибені, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи құралдарын қоса алғанда, өзекті тақырыптардың кең ауқымын қамтыды.
Тренингтің практикалық компоненті ерекшеназарда болды. Қатысушылар жүйелі теориялық білімалып қана қоймай, оны командалық тапсырмалар мен кәсіби қызметке тікелей байланысты нақты жағдайларды талдау шеңберінде іс жүзінде бекітті.
Курстың мақсаты — тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайту, сондай-ақ күнделікті қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың тиімділігін арттыру үшін қажеттіқұзыреттерді ұсыну.
Академия оқытушылары заманауи сын-қатерлердіескере отырып әзірлеген білім беру бағдарламасынақты жағдайларда қолдануға бағытталған. Бұл тәсіл қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға ғанаемес, сонымен қатар ұйымдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін нығайтуғаықпал етеді.
Семинар соңында барлық қатысушыларға оқуданөткені туралы сертификаттар табысталды.
Академия сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша өзінің жүйелі жұмысын жалғастырады.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz