2025 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлерімен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді. Іс-шара Академияның магистратурасы мен докторантурасына оқуға түсу тәртібі мен артықшылықтарын түсіндіруге арналды.
Кездесу барысында Академия өкілдері құжаттарды қабылдау мерзімі (ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 25 шілдесіне дейін), үміткерлерге қойылатын талаптар, құжаттарды тапсыру тәртібі, түсу емтихандары және оқу шарттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының қызметкерлері Академияның қызметімен танысты.
Мұндай іс-шаралар 2025 жылғы қабылдау науқанының бір бөлігі болып табылады.
Академияның магистратурасы мен докторантурасына түсудің білім беру бағдарламалары мен шарттары туралы ақпарат Академияның ресми сайтындағы тиісті бөлімде орналастырылған.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz