Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ғимаратында Түркі сот-құқықтық дайындық желісіне төрағалық ету және Академияның 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Заң, құқық, қазіргі әлемдегі әділеттілік» Халықаралық заңгерлер конгресі аясында Әзірбайжан Республикасы Бас прокуратурасының Ғылыми-білім беру орталығының өкілдері Талыб Джафаров және Амир Оджагвердиевпен кездесу өтті.
Өз сөзінде Академия ректоры Марат Сексембаев соңғы жылдары Әзірбайжанның оқу орындарымен жемісті ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен білім беру іс-шараларына бірлесіп қатысқаны туралы айтты. Сондай-ақ ол кездесуге қатысушыларды Академия қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.
Талқылау барысында кәсіби заңгерлердің кәсіптік даярлығы мен біліктілігін арттыру, осы бағыттағы ғылыми зерттеулер мәселелері қозғалды.
Тәжірибе алмасу аяқталғаннан кейін Әзірбайжан тарапы үшін Академия аумағында экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында қатысушылар сот процестері залы, психологиялық жеңілдету кабинеті, киберорталық, прокурорлық және криминалистикалық полигондар мен тыңдаушыларға арналған жатақханаға барып көрді.
Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және нәтижелі өзара іс-қимылға терең қызығушылық танытты.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz