Құқық қорғау органдары академиясында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен және Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігімен де бірлесіп ұйымдастырылған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша оқыту семинар-тренингі өтті.
Іс-шара «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері» пәні шеңберінде өткізіліпжәне ЕО мен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік туралы келісімді іске асырудың бір бөлігі болды.
Талқылауға құқық қорғау органдарының өкілдері, заңгерлер, ғалымдар, халықаралық сарапшылар және бейінді ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Жәбірленушілерді қорғауды күшейту, тыйым салу нұсқамаларын тиімді қолдану және ведомствоаралық өзара іс—қимылды дамыту басты назарда.
ЕО делегациясының бағдарлама менеджері Никола Франческетти құттықтау сөз сөйлеп, адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. ҚР ІІМ Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасының бастығы А.А. Серікбаева және Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры С.М. Сапаралиевабаяндама жасап, барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті.
Семинардың практикалық бөлігіне ерекше назар аударылды. ҚР ІІМ Басқару академиясының профессоры Б.А. Құлмұханбетова шұғыл іс-қимылдың етудің нақты жағдайлары мен алгоритмдерін талдаумен интерактивті сабақ өткізді. Сот нұсқамаларын қолданудың құқықтық және рәсімдік аспектілері, оларды бұзғаны үшін жауаптылық және зардап шеккендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құқықтық тәртіп органдарының рөлі талқыланды. Қатысушыларға жәбірленушілердің қажеттіліктеріне бағытталған ЕО елдерінің тиімді тәжірибелері ұсынылды.
ЕО жобалық сарапшылары Ирина Урумова мен Дариуш Селицки отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласындағы еуропалық тәжірибеге шолу жасады.
Жұмыс қорытындысы бойынша қатысушылар құқықтық кепілдіктерді күшейту, сот нұсқамаларын сенімді орындау және адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды сақтау қажеттігін атап өтті.