Заң мен тәртіп: «Тұран» колледжінің студенттері Академия өкілдерімен кездесті

«Тұран» колледжінде студенттердің Құқық қорғау органдары академиясының өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң туралы хабардар болу деңгейін және құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті арттыру болды.

Диалогқа «Тұран» колледжінің 1-2 курс студенттері, олардың оқытушылары, тәрбие жұмысы жөніндегі меңгерушісі, сондай-ақ Академияның өкілдері — қызметкерлер Динара Амуртаева мен Оксана Филипец, білім алушылар Баграм Байсейітов пен Ерлан Хамитов қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға деген құрметті қалыптастыру болды. Оқушыларға заң алдындағы барлығының теңдігі, вандализм мен бұзақылық сияқты теріс қылықтар үшін жауаптылықты түсіндіре отырып, құқық бұзушылықтың алдын алудың маңыздылығы туралы еске салды.

Спикерлер заңды сақтау тек міндет қана емес, сонымен қатар әділ және қауіпсіз қоғам құрудың негізі екенін атап өтті. Студенттерге ел азаматтарының құқықтары мен олардың мүдделерін заң аясында қорғау жолдары туралы айтылды.

Қызу пікірталас кездесудің маңызды сәттерінің бірі болды. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты құқықтық жағдайларды талқылап, практикалық ұсыныстар алды.

Академия кездесуді ұйымдастырғаны үшін колледж әкімшілігіне және барлық қатысушыларға белсенділіктері мен қызығушылықтары үшін алғысын білдіреді. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық санасын нығайтуға және қазіргі қоғамда ерекше маңызды болып табылатын заңға бағыну мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.