Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында болашақ прокурорлардың қадағалау қызметі бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын іске асыру жалғасуда. Оқу процесі аясында алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушылары ҚР ІІМ ҚАЖК Астана қаласы бойынша ҚАЖД-нің «№3 мекеме» Республикалық мемлекеттік мекемесіне барды.
Көшпелі сабақ тыңдаушыларға қылмыстықатқару жүйесіндегі заңдылықты прокурорлық қадағалаудың практикалық аспектілерімен танысуға мүмкіндік берді. Олар қауіпсіздігі төмен түзеу мекемесі жұмысыныңұйымдастырылуын және жұмыс істеу режимін, сотталғандарды ұстау жағдайын, материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету жүйесін, сондай-ақ сотталғандардың еңбек міндеттерін орындауын және мекеменің шаруашылық қызметінің ерекшеліктерін зерделеді.
Мұндай іс-шаралар практикалық бағыттағы оқытудың маңызды элементі болып табылады, өйткені олар тыңдаушыларға қылмыстық атқару саясатының жүзеге асу тетіктерін көрнекі түрде көруге, аталған саланың ерекшеліктерін тереңірек түсінуге және прокурорлық қадағалау міндеттерін кәсіби тұрғыда ұғынуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде болашақта қызметтік міндеттерін атқаруға дайын, құзыретті, жауапты және даярланған мамандарды қалыптастыруға ықпал етеді.
Құқық қорғау органдары академиясы ҚР ІІМ ҚАЖК-нің Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне және Астана қаласы бойынша ҚАЖД-нің «№ 3 мекеме» Республикалық мемлекеттік мекемесіне оқу бастамаларын қолдағаны және көшпелі сабақ ұйымдастыруға жәрдемдескеніүшін алғыс білдіреді.