Академия ректоры Марат Сексембаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында құқықтық білім беруді дамыту мәселелері бойынша өткен парламенттік тыңдауға қатысты.
Спикер ретінде сөз сөйлеген ректор елімізде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру тұрғысынан талқыланатын тақырыптың өзектілігін атап өтіп, болашақ заңгерлерді даярлау жүйесін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізді.
«Заң факультеті түлектерінің теориялық және практикалық дайындығы әлсіз. Академияда құқық қорғау органдарына қызметке кәсіби даярлықтан өту үшін тыңдаушыларды қабылдау кезінде де осындай мәселе туындайды. Бұл ретте жоғары оқу орындарында білім сапасын арттыру және тәжірибеге бағыттау жұмысын күшейту сұрақтарының өзектілігі артып келеді», деді М.Сексембаев.
Айтылған бастамалардың қатарында студенттерді практикалық даярлауға, сондай-ақ оқытушылардың біліктілігін арттыру бойынша жағдайлар жасауға баса назар аудара отырып, оқу және цифрлық инфрақұрылымды дамыту бар.
Студенттік практиканың тиімділігін арттыру және университеттерден шыққан кезде заңгер-студенттердің білімін бағалау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Тыңдау барысында сындарлы пікірталас өтті. Қатысушылар заңгерлік білім беру сапасын арттыру үшін бірлескен күш-жігердің қажеттілігін атап өтіп, айтылған мәселелер мен ұсыныстар бойынша пікір алмасты.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz