Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 8D04201 – «Құқықтану» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Рахматулла Сагламович Балашовтың «Шетелден ұрланған активтерді қайтару: тәжірибе, мәселелер және шешімдер» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алуға диссертациясы қорғалады.
Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.
Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі: орыс.
Диссертациялық кеңестің құрамы: https://academy-gp.edu.kz/?page_id=5891&lang=kk
Диссертациялық кеңестің қосымша уақытша мүшелері: тағайындалмаған.
Ғылыми кеңесшілер:
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор О.Б. Филипец;
- Нью-Йорк қалалық университетінің криминалдық құқық колледжінің криминалдық құқық және полиция ғылымдары факультетінің профессоры, философия доктор (PhD) С.И. Шелухин.
Ресми рецензенттер:
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М. Есболатов атындағы Алматы академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің бастығы, заң ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор (доцент) А.Т. Байсеитова;
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қаржылық тергеу, сотқа дейінгі тергеу қызметінің Активтерін іздеу және қайтару басқармасының аға тергеушісі, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Е.А. Омаров.
Қорғау 2025 жылғы 9 сәуірде сағат 11.00-де Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94 құрылыс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының диссертациялық кеңесінде өтеді.
Сайт мекен-жайы: http://academygp.kz/.
Құжаттар