Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 8D12301 – «Құқық қорғау қызметі» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Гүлдана Маратқызы Баймухаметованың «Медиация қағидаттары қылмыстық сот ісін жүргізудің тиімділік факторы ретінде» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алуға диссертациясы қорғалады.
Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.
Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі: орыс.
Диссертациялық кеңестің құрамы: https://academy-gp.edu.kz/?page_id=5891&lang=kk
Диссертациялық Кеңестің қосымша уақытша мүшесі:
- Astana International University профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері А.Н. Ахпанов.
Ғылыми кеңесшілер:
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор В.В. Хан;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жалпы заң пәндері кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Р.А. Амерханов.
Ресми рецензенттер:
- В.Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университетінің П.М. Давыдов атындағы сот қызметі және қылмыстық процесс кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, доцент Ю.В. Козубенко;
- Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының аналитика және конституциялық іс жүргізу бөлімінің аналитигі, заң ғылымдарының кандидаты Д.А. Финк.
Қорғау 2025 жылғы 8 cәуірде сағат 14:00-де Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94 құрылыс мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының диссертациялық кеңесінде өтеді.
Сайт мекен-жайы: http://academy-gp.edu.kz/.
Құжаттар