ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 8D12301 — «Құқық қорғау қызметі» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Денис Викторович Воеводкинның «Халыққа медициналық қызмет көрсету саласындағы құжаттарды қолдан жасаумен байланысты қылмыстарды тергеу әдістемесінің ерекшеліктері» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алуға диссертациясы қорғалады.

Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.

Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасында орындалды.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертациялық кеңестің құрамы: https://academy-gp.edu.kz/?page_id=5891&lang=kk

Диссертациялық кеңестің қосымша уақытша мүшесі:

  • MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY Жоғары құқық мектебінің Professor Emeritus, заң ғылымдарының докторы, доцент К.В. Ким.

Ғылыми кеңесшілер:

  • Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңісінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Н. Бегалиев;
  • Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің Әлеуметтік ғылымдар және құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Г.Р. Рустемова.

Ресми рецензенттер:

  • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М. Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор Ж.Р. Дильбарханова;
  • Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу зертханасының меңгерушісі, Alikhan Bokeikhan University аға оқытушысы, философия докторы (PhD) А.Б. Сейданов.

Қорғау 2025 жылғы 8 сәуірде сағат 11.00-де Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94 құрылыс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының диссертациялық кеңесінде өтеді.

Сайт мекен-жайы: http://academy-gp.edu.kz/.

Құжаттар