Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 8D12301 – «Құқық қорғау қызметі» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Нариман Абдылхамитович Сүлейменовтің «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алуға диссертациясы қорғалады.
Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі: орыс.
Диссертациялық кеңестің құрамы: https://academy-gp.edu.kz/?page_id=5891&lang=kk
Диссертациялық кеңестің қосымша уақытша мүшелері: тағайындалмаған.
Ғылыми кеңесшілер:
- Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Н. Бегалиев;
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті, Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Р.Е. Джансараева.
Рецензенттер:
- «Тұран» университетінің құқық ҒЗИ директоры, жоғары құқық мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Т.К. Акимжанов;
- «Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының корпоративтік хатшысы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.С. Киздарбекова.
Қорғау 2025 жылғы 10 сәуірде сағат 11.00-де Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94 құрылыс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының диссертациялық кеңесінде өтеді.
Веб-сайт: http://academy-gp.edu.kz/
Құжаттар