Құқық қорғау органдары академиясы «Тәртіпті өзіңнен баста!» білім беру науқаны аясында жастармен кездесулер өткізуді жалғастыруда. Жоба жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін жақсартуға және заңның сақталуына саналы көзқарасты дамытуға бағытталған.
Ардагерлер мен Академия қызметкерлері оқу орындарында білім алушыларға құқықтар, міндеттер мен құқық бұзушылықтардың салдары туралы үнемі дәрістер оқиды.
Осы акция аясында отставкадағы әділет кеңесшісі Әділ Әлібеков Астанадағы №98 лицей мектебінің оқушыларымен кездесті. Ардагер кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алудың негізгі аспектілерін атап өтіп, өзінің бай тәжірибесімен бөлісті. Кездесу барысында жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық және күнделікті өмірдегі құқықтық сананың маңыздылығы талқыланды.
«Мұндай іс-шаралар мектеп оқушыларына құқықтық нормаларды сақтаудың маңыздылығын түсінуге және оларға заңды құрметтеуге ықпал етеді», – деп атап өтті Әділ Әлібеков.
Академия «Заң және тәртіп» принципін ілгерілету үшін тұрақты негізде жұмыс істейді.
Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz