Құқық қорғау органдары үшін білім беру технологиялары: Академиядағы үздік халықаралық тәжірибелер

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында «Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда оқытудың инновациялық әдістерін қолдану» тақырыбында онлайн вебинар өтті. Іс-шара Академияның ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің прокуратура органдарының прокурорлық және тергеу (БПҮК), сондай-ақ салықтық (қаржылық) тергеу органдары (СТОБҮК) қызметкерлері үшін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі базалық ұйымы ретіндегі мәртебесін іске асыру шеңберінде өтті.

Вебинардың ашылуы Құқық қорғау органдары академиясының бірінші проректоры Қалиолла Сейтенов пен Ресей Федерациясы Прокуратура университетінің ректоры Игорь Мацкевичтің сөздерімен есте қалды. Олар өз сөздерінде құқық қорғау органдары үшін білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан және Ресейден 70-тен астам қатысушы, оның ішінде құқық қорғау және құқықтық бағыттағы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Қатысушылардың бұл кең ауқымы заманауи құқық қорғау органдарының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқыту әдістерінің эволюциясы туралы ең өзекті тақырыптардың бірін қарастыруға мүмкіндік берді.

Вебинар бағдарламасы екі сессиядан тұрды. Бірінші сессияда – «Білім беру қызметіндегі заманауи тенденциялар» – білім беру процестерін жаңа міндеттер мен күтулерге бейімдеу қажеттілігі туралы мәселелерді талқылады. Екінші сессия – «Оқытудың инновациялық әдістері» Maqsut Narikbayev университетінің тәжірибесін мысалға ала отырып, «Квест технологияларын пайдалана отырып оқыту трегнингі», «Матрицаны пайдалана отырып кейс шешу» сияқты озық тәсілдермен таныстыру алаңы болды.

Вебинардың қорытындысы бойынша Құқық қорғау органдары академиясының ресми сайтында қарау үшін қолжетімді материалдар жинағын шығару жоспарлануда.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz