Бүгін құқық қорғау органдары академиясында «Киберқылмыстарды цифрлық тергеу» тақырыбында төрт күндік семинар-тренинг аяқталды. Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылды және цифрлық криминалистика саласындағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған.
Академия проректоры Маралбек Ешимов өзінің кіріспе сөзінде қоғам мен экономиканы жедел цифрландыру қауіп-қатердің жаңа түрлерін тудыратынын атап өтті. «Киберқылмыстар біздің заманымыздың ең үлкен қауіптерінің біріне айналуда. Оларды сәтті тергеу және алдын алу үшін заманауи білім мен дағдылар қажет, сондықтан мұндай іс-шаралар құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін өте маңызды», — деп атап өтті проректор.
Курстың негізгі спикері халықаралық сарапшы Молдова Республикасы полициясы Бас инспекторатының компьютерлік сараптама бөлімшесінің бастығы Ион Гаина болды. Оның сөйлкгкн сөзі қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, өйткені ол цифрлық криминалистикада қолданылатын бірегей әдістермен және құралдармен бөлісті.
Тренинг бағдарламасына цифрлық дәлелдемелерді үйрету, криптовалюталарды қолдана отырып транзакцияларды тергеу әдістерін зерттеу және киберкеңістіктегі қылмыстарды анықтау үшін қолданылатын озық технологиялар кірді. Курсқа қатысушылар тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар киберқылмыстарға тиімді қарсы тұруға көмектесетін практикалық дағдыларға ие болады.
Курс аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға киберқылмыстарды цифрлық тергеу саласындағы жаңа құзыреттіліктерін растайтын сертификаттар табысталды.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz