Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында еліміздің қалалық және аудандық прокуратураларының басшылары үшін бір апталық біліктілікті арттыру курсы басталды. Оқыту стандартты және сыни жағдайларда ұжымды басқарудың кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған.
Әлеуметтік шиеленіс жағдайында жұмыс істеу, жанжалдарды басқару, стресс-менеджмент, сондай-ақ наразылық топтарымен келіссөздер жүргізу тактикасына ерекше назар аударылды. Курс бағдарламасы Президенттік резерв кадрларын даярлау тәжірибесін және елдегі өзекті оқиғаларды талдауды ескере отырып әзірленді.
Қатысушылар сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлық пен азаптаудың алдын алу, ақпарат алмасудың халықаралық тетіктерін пайдалану сияқты маңызды тақырыптарды зерттейді. Бағдарламаның маңызды элементі шетелден активтерді қайтару мәселелерін және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың новелласын қоса алғанда, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз етудегі прокурордың үйлестіруші рөлі болады.
Курстың дәріскерлері — Орталық Азия өңірінің когнитивті-мінез-құлық терапиясы қауымдастығының Президенті, Бас прокуратураның Активтерді қайтару комитетінің өкілдері және Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы.
Оқыту дөңгелек үстелмен аяқталады, онда курстың қорытындылары мен құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері талқыланады.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі