Терроризмге қарсы жаңа стратегиялар: Бес елдің сарапшылары бірегей шешімдермен бөліседі

9 қыркүйектен бастап Құқық қорғау органдары академиясында «Терроризмге қарсы күрестегі құқық қорғау органдары басшыларының рөлі» атты халықаралық оқу курсы басталды. Бұл шара Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен өтіп жатыр және оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстанның құқық қорғау және арнайы құрылымдарының өкілдері жиналды.

Курстың негізгі мақсаты – инновациялық стратегиялар мен заманауи тәсілдерді қолдануға баса назар аудара отырып, терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қатысушылардың біліктілігін арттыру. Тындаушыларға осы саладағы тенденциялар туралы білімдерін кеңейтуге, сондай-ақ процесс пен топты басқару дағдыларын жетілдіруге бірегей мүмкіндік беріледі.

Оқыту бағдарламасы лаңкестік қауіптердің алдын алу және онымен күресу бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық сияқты негізгі аспектілерді қамтиды. Терроризмге қарсы күреске кешенді көзқарастың құрамдас бөлігі болып табылатын шешімдерді қабылдаудың барлық деңгейінде тиімді басқаруға ерекше көңіл бөлінеді.

 Сабақтар қауіпсіздік саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен интерактивті семинарлар форматында өткізіледі, бұл оқытуға барынша қатысуды және практикалық бағыттылықты қамтамасыз етеді. Курсты аяқтау осы жылдың 20 қыркүйегіне жоспарланған.

Бұл курс қауіпсіздік мәселелері бойынша аймақтық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады және жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы күресте Орталық Азия елдерінің өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға көмектеседі.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі