Академия тындаушылары Пентагон мен ФБР-де болды

Құқық қорғау органдары академиясының алғашқы даярлық тындаушылары (Мөлдір Әбдірахманова, Темірлан Альзаков, Әсел Ерікова, Алуа Жанысбекова, Дінмұхамед Қадыров пен Назерке Рахманбекова) АҚШ- тың Студенттік көшбасшылар институтының (SUSI) беделді Джон Маккейн атындағы бағдарламасына қатысты. Көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және заң үстемдігін түсінуге бағытталған бағдарлама АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылды және АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің білім және мәдениет жөніндегі бюросы ұйымдастырды.

Тындаушылар бұл бағдарламаға екінші жыл қатысып отыр. Бұл бастама әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас көшбасшыларға АҚШ-тың жетекші университеттерінде қарқынды оқыту арқылы АҚШ-тың құқықтық жүйесі мен мемлекеттік қызметімен танысуға бірегей мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында Академияның тындаушылары көшбасшылық дағдыларды, сыни ойлауды және мәдениетаралық коммуникацияны дамытуға бағытталған академиялық курстардан өтті.

Бағдарламаның маңызды бөлігі Пентагон, Федералдық тергеу бюросы, сот жүйесі және Сенат сияқты АҚШ-тың негізгі мемлекеттік мекемелеріне танысу сапарлары болды. Бұл сапарлар қатысушыларға американдық мемлекеттік органдардың жұмыс істеу принциптері туралы бірегей тәжірибе мен білім алуға мүмкіндік берді.

Тыңдаушылар SUSI бағдарламасының болашақ мансап үшін маңыздылығын атап өтті. Бағдарлама барысында алынған білім мен дағдылар олардың кәсіби дамуына және қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін қажетті көшбасшылық қасиеттерді нығайтуға ықпал етеді.

Құқық қорғау органдары академиясы өзінің білім алушыларының халықаралық аренадағы жетістіктерін мақтан тұтады және осы бағдарламаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін Қазақстандағы АҚШ Елшілігіне алғысын білдіреді. Мұндай бастамалар халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жас мамандарды дамытуға септігін тигізеді деп сенеміз.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі