«Интернет желісінде есірткі қылмысын анықтау мәселелері бойынша және есірткі табыстарын заңдастыруды (жылыстатуды) тергеп-тексеру» туралы симуляциялық тренинг өткізу

Биылғы жылдың 2 тамызында Құқық қорғау органдары академиясының базасында Интернет желісіндегі есірткі қылмысын анықтау және есірткі табыстарын заңдастыруды (жылыстатуды) тергеу мәселелеріне арналған симуляциялық тренинг аяқталды.

Бұл іс-шара прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер және қаржы мониторингі органдарының жедел және тергеу қызметкерлері үшін биыл жоспарланған симуляциялық тренингтердің бес сериясының үшіншісі болып табылады.

Тренинг сценариін Академия БП, ІІМ, ҰҚК және IT Холдинг Kazdream сарапшыларымен, сондай-ақ БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы сарапшыларының қатысуымен әзірледі.

Бағдарлама құқық қорғау блогының қызметкерлеріне онлайн есірткі сатуды және ақшаны жылыстатуды анықтау мен бақылаудың ең жаңа әдістерін үйрету арқылы озық модельдеу технологияларын пайдаланады. Ол Интернет желісінде есірткі қылмыстарының жолын кесу дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін нақты сценарийлер мен практикалық жаттығуларды қамтиды.

Академия серіктестері атынан АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің Халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау бөлімі (INL) және IT Холдинг Kazdream ел аумағында ақшаны жылыстатуға және синтетикалық есірткілерді таратуға қарсы күрес жүйесін жетілдіруге қолдау көрсетті.

Өткізілген іс-шара шеңберінде Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының құқық қорғау органдарының 23 өкілі жоғарыда аталған санаттағы қылмыстарды анықтау мен жолын кесудің кәсіби дағдылары мен ерекшеліктеріне оқытылды.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі