Ағымдағы жылдың 24-26 шілдесі аралығында ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында Өзбекстан прокурорлары Құқық қорғау органдары академиясына келді.
Сапар барысында делегация мүшелері «ҚР КК 216-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысып, салықтарды немесе алымдарды төлеуден жалтарумен байланысты істерді тергеу саласында Өзбекстан Республикасының тәжірибесімен бөлісті.
Өзбекстан прокурорлары Академияның білім беру және кәсіби бағдарламаларымен танысты.
Сондай-ақ, Академия қонақтарға Президенттік резерв курстарында қолданылатын жаңа форматтағы менеджердің дағдыларын қалыптастыру және коммуникативті қасиеттерді жетілдіру әдістеріне сабақтар өткізді.
Бұл кездесу Академияның имиджін арттыруға және беделін нығайтуға бағытталған одан әрі ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту мәселелерін талқылау үшін жақсы алаң болды.