Хабарландару

Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жүргізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (экономикалық тергеу қызметі) құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуді жариялады.

Прокуратура органдарында – іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдауды 2024 жылғы 15 шілдеден 15 тамызға дейін прокуратураның аумақтық бөлімшелерінің (облыстық прокуратура, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының прокуратурасы және Бас көлік прокуратурасы) кадр қызметтері жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл Агенттігіне және Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне – іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдауды 2024 жылғы 15 шілдеден 15 тамызға дейін олардың аумақтық бөлімшелерінің (облыс орталықтары, Астана, Алматы, Шымкент қалалары) кадр қызметтері жүргізеді.

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысу үшін барлық қажетті ақпарат үш органның ресми сайттарында жарияланған хабарландыруларда қамтылған.

Осыған байланысты, құқық қорғау қызметіне түсуге ниет білдірген кандидаттар құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелерінің кадр қызметіне жүгінуі не хабарландыруда көрсетілген байланыс телефондары арқылы хабарласуы қажет.

Академияның анықтама телефондары: 8-71651-68-139, 8-778-672-66-24

Жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.30-ға дейін қоңырау шалыңыз.