Хабарландыру

Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (Экономикалық тергеу қызметі) құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жариялайды.

Прокуратура органдарында іріктеу аудан/қала прокуратурасының прокуроры (C-RGP-5 санаты) лауазымдарына жүргізіледі, олардың функционалдық міндеттеріне заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекет мүдделерін білдіру және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кіреді. Ең төменгі жалақы – 164 052 теңге.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте — функционалдық міндеттемелеріне қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу кіретін офицер және тергеуші (B-PRO-8 санаты) лауазымдары. Ең төменгі жалақы – 184 048 теңге.

Экономикалық тергеу қызметінде — функциялық міндеттеріне криминалистикалық және арнайы зерттеулер жүргізу, бюджет саласындағы және квазимемлекеттік сектордағы, көлеңкелі экономика саласындағы құқық бұзушылықтарды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Экономикалық тергеу қызметінің құзыретіне жатқызылған өзге де қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, ашу, жолын кесу және тергеп-тексеру кіретін жедел уәкіл (анықтаушы), тергеуші немесе криминалист                (B-FMO-6 санаты) лауазымдарына жүзеге асырылады. Ең төменгі жалақы – 156 000 теңге.

Іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдауды құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелері (байланыс телефондары мен мекен-жайлары төменде көрсетілген) 2024 жылғы 15 шілдеден 15 тамызға дейін жүргізеді.

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысу үшін үміткерлер:

1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда (құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған тиісті бағдарлама бойынша) тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өту;

2) құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелеріне (түсу үшін жоспарланған органға) мынадай құжаттарды беру:

— белгіленген үлгідегі өтініш;

— Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

— білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес нострификациялау немесе  тану рәсімінен өткенін растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін, салыстыру үшін түпнұсқалары);

— жақын туыстарын, оның ішінде белгіленген нысан бойынша бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық толтырылған өмірбаян;

— кез-келген аймақта қызмет етуге келісім беру туралы өтініш;

— әскери билет немесе тіркеу куәлігін тапсыруы қажет.

Құжаттардың толық емес тізбесін, сондай-ақ белгіленген мерзімді бұза отырып ұсыну іріктеуге қатысудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

1. Қазақстан Республикасының азаматтығы.

2. 18 жастан бастап, бірақ 35 жастан аспауы қажет.

3. Жоғары заң білімі.

Іріктеуге келесі тұлғалар қатыса алмайды:

1) заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

2) құқық қорғау қызметіне кірер алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

3) құқық қорғау қызметіне кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

4) қызметке кірер алдында үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке кірер алдында үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған;

7) бұрын сотталған не қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабының бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде көзделген қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан босатылғандар.

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу келесі кезеңдерді қамтиды:

1) іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдау;

2) орталық аппаратта не құқық қорғау органының аумақтық немесе оларға теңестірілген мамандандырылған бөлімшелерінде әңгімелесуден өту;

3) әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту;

4) полиграфологиялық зерттеуден өту;

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі — Академия) емтихан тапсыру.

Академиядағы емтихан кандидаттың емтихан билетінің қойылған үш сұрағына және Комиссия мүшелерінің қосымша сұрақтарына ауызша жауап беру нысанында өткізіледі.

Емтихан келесі пәндер мен нормативтік құқықтық актілер бойынша өткізіледі:

1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі;

2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексі;

3) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;

4) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;

5) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі;

6) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;                        

7) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі.

Іріктеуден сәтті өткен үміткерлер Академияда алғашқы кәсіптік даярлықтан өтеді.

Алғашқы кәсіптік даярлық мерзімі:

6 ай құрайды (Академияда 5 ай оқу +1 айға дейін тағылымдама).

Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде кандидаттар 40 532 теңге мөлшерінде стипендиямен қамтамасыз етіледі.

Алғашқы кәсіптік даярлықты табысты аяқтаған кандидаттар құқық қорғау қызметіне қабылданады, бұл ретте лауазымға тағайындау бір мезгілде сыныптық шен/біліктілік сыныбы беріле отырып, сынақ мерзімінсіз жүргізілетін болады.

Кандидаттар құқық қорғау қызметіне кіру кезінде құқық қорғау қызметінде болуға байланысты шектеулерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға дайын болуға тиіс.

Құқық қорғау қызметінде болуға байланысты шектеулер:

Қызметкер:

1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға, партияларда, кәсіптік одақтарда болуға, қандай да бір саяси партияны қолдауға, құқық қорғау органдары жүйесінде өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау және еңбек жағдайларын жақсарту үшін олардың кәсіби мүдделерінің ортақтығына негізделген саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға;

2) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін басқа қызметпен айналысуға;

3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;

5) қызметтік емес мақсаттарда оның қызметтік жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты пайдалануға;

6) ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысуға;

7) лауазымдық өкілеттіктерін орындауға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін жеке мақсатта пайдалануға;

8) өзінің қызметтік жағдайын пайдакүнемдік мақсатта, оның ішінде лауазымды және өзге де адамдармен сөз байласу жолымен пайдалануға;

9) өзінің жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазымды атқаруға құқылы емес.

Қызметкер лауазымға кіріскеннен кейін бір ай ішінде құқық қорғау қызметін өткеру уақытында өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген өзге де мүлікті қоспағанда, өзінің меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) және пайдаланылуы табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шарттар нотариалдық  куәландырылуы тиіс.

Қызметкердің сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен, оның ішінде сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлікті жалға беруден және басқа да заңды көздерден табыс алуға құқығы бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер:

  1. мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
  2. жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірге қызмет етуіне (жұмысына) жол бермеу;
  3. мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе алу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
  4. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдау.

Іріктеу тәртібі және алғашқы кәсіптік даярлықтан өту шарттары «Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін тұлғалар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізу қағидаларын және оны өткеру шарттарын бекіту, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару туралы» Бас Прокурордың 2020 жылғы 26 маусымдағы №80, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шілдедегі №675 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №199 бірлескен бұйрығымен реттеледі.

Академияның анықтама телефондары: 8-71-651-68-139, 8-778-672-66-24

Жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 18:30-ға дейін қоңырау шалу.

Емтихан сұрақтары Академияның сайтында орналасқан.

Іріктеуге құжаттар қабылдайтын құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелерінің орналасқан мекенжайы және байланыс телефондары:

Прокуратура органдары:

Мекеме атауыБайланыс телефоныПочта мекен-жайы
 Астана қ. прокуратурасы8 (7172) 71- 21- 12 8 (7172) 71- 24- 07 8 (7172) 71- 24- 16  п/и 010000 Астана қ.
Қабанбай батыр даңғылы, 31
 Алматы қ. прокуратурасы8(7272) 265-04-41  п/и 050000 Алматы қ. Желтоқсан көшесі,189
 Шымкент қ. прокуратурасы8 (7252) 53-42-47  п/и 160000 Шымкент қ. Тәуке хан даңғылы, 97
 Алматы облысы прокуратурасы8 (72772) 4-17-01

п/и 040800 Қонаев қ., Абай көш., 6
 Ақмола облысы прокуратурасы8 (7162) 25-05-93  п/и 020000 Көкшетау қ. Біржан Сал көшесі, 45
 Ақтөбе облысы прокуратурасы8 (7132) 90- 14-58 8 (7132) 90- 14-59  п/и 030000 Ақтөбе қ. Ө.Сейітов көшесі,6
 Атырау  облысы прокуратурасы8 (7122) 27-08-01  п/и 060011 Атырау қ. А.Молдағұлова көшесі, 245
 Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы8 (7232) 24-18-24  п/и 070004 Өскемен қ. Пермитин көшесі, 21
 Жамбыл облысы прокуратурасы8 (7262) 45- 29- 41  п/и 080000, Тараз қ., М.Х.Дулати көшесі, 23
 Батыс Қазақстан  облысы прокуратурасы8 (7112) 50 -33- 47  п/и 090000 Орал қ. Жұбан Молдағалиев көшесі, 23
 Қарағанды  облысы прокуратурасы8 (7212) 35-35-95и/п 100026 Қарағанды қ., Құрылысшылар даңғылы, 28а
 Қостанай  облысы прокуратурасы8 (7142) 53-41-38 8 (7142) 54-94-86  п/и 110000 Қостанай қ., Алтынсарин көш., 118А
 Қызылорда  облысы прокуратурасы8 (7242) 27-43-75  п/и 120001 Қызылорда қ., Нұрмақов көшесі, 1
 Маңғыстау  облысы прокуратурасы8 (7292) 42-34-10 (вн.121)  п/и 130000 Ақтау қ., 15 ықшамаудан, 56/1
 Павлодар  облысы прокуратурасы8 (7182) 31- 50- 82               31- 50- 80п/и 140000 Павлодар қ., Лермонтов көшесі,3
 Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы8(7152) 46-14-87  п/и: 150000 Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі 15
 Түркістан облысы прокуратурасы8 (72533) 5-29-14                 5-29-15  п/и 161200 Түркістан қ., Жаңа қала ш/а, 34 14/1 көше
 Бас көлік прокуратурасы8 (7172) 71- 22- 20  п/и: 010000 Астана қ. Мәңгілік ел даңғылы, 14
 Абай облысының прокуратурасы8 (7222) 56-89-13п/и 071400 Семей қ., Панфилов көш.,69
 Жетісу облысының прокуратурасы8 (7282) 24-17-81п/и 040000 Талдықорған қ., Толебаев көш., 51
 Ұлытау облысының прокуратурасы8 (7102)76-15-68/ 76-19-63п/и 100600 Жезқазған қ., Гагарин көш., 44

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі

1.Агенттіктің Астана қ. бойынша департаменті8 (7172) 72-65-27Астана қ. Тоқпанов көшесі 45  
2.Агенттіктің Алматы қ. бойынша департаменті8 (727) 278-73-47Алматы қ. Жібек Жолы даңғылы 15  
3.Агенттіктің Шымкент қ. бойынша департаменті8 (7252) 98-14-11Шымкент қ. Қазыбек би көшесі 3  
4.Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті8  (72752) 2-12-59Іле ауданы Өтеген батыр кенті Титов көшесі 33А  
5.Агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті8 (7162) 29-65-17Көкшетау қ. Назарбаев көшесі 71  
6.Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті8 (7132) 72-82-53Ақтөбе қ. Маресьев көшесі 93  
7.Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаменті8 (7122) 71-75-20Атырау қ. Темірханов көшесі 2  
8.Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті8 (7212) 91-36-18Қарағанды қ. Әліханов көшесі 12  
9.Агенттіктің Қостанай облысы бойынша департаменті8 (7142) 91-43-45Қостанай қ. Гашек көшесі 4  
10.Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті8 (7262) 93-60-18Тараз қ. Айтиев көшесі 40  
11.Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті8 (7242) 23-03-31Қызылорда қ. Желтоқсан көшесі 156 А  
12.Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті8 (7253)32-66-66Түркістан қ. Тәуке Хан көшесі 78  
13.Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті8 (7232) 29-88-21Өскемен қ. Лихарев көшесі 2  
14.Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті8 (7112) 98-47-28, 8 (7112) 98-47-35Орал қ. Құрманғазы көшесі 89/1  
15.Агенттіктің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті8 (7152) 46-34-68Петропавл қ., Интернациональная көшесі 60  
16.Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаменті8 (7292) 31-91-15Ақтау қ. 23-шағын аудан, 100  
17.Агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті8 (7182) 37-86-00Павлодар қ. Қамзин көшесі 37  
18.Агенттіктің Жетісу облысы бойынша департаменті8 (7282) 60-98-33Талдықорған қ. Қабанбай батыр көшесі 36/42  
19.Агенттіктің Абай облысы бойынша департаменті8 (7222) 77-01-64Семей қ. Байтұрсынов көшесі 36  
20.Агенттіктің Ұлытау облысы бойынша департаменті8 (7102) 72-16-29Жезқазған қ. Құрманбаев көшесі 15  

Экономикалық тергеу қызметі органдары:

Мекеме атауыБайланыс телефоныПочта мекен-жайы
 Астана қ. бойынша Экономикалық тергеу департаменті8 (7172) 31-61-45  п/и: 010000 Астана қ. Желтоқсан көшесі,43
 Алматы қ. бойынша Экономикалық тергеу департаменті8 (7272) 79-29-56  п/и: 050000 Алматы қ. Жібек Жолы көшесі,127
 Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті8 (7162) 25-62-84  п/и: 020000 Көкшетау қ.  Пушкин көшесі,21
 Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті8 (7272) 25-62-84  п/и: 040700 Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылы  З. Батталханов көш., 11А
 Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті8 (7132) 21-35-89  п/и: 030000 Ақтөбе қ.  8 март көшесі 3 А
 Атырау  облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті8 (7122) 35-42-10  п/и: 060005 Атырау қ. Абай көшесі, 8
 Батыс Қазақстан  облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті8 (7112) 53-84-23  п/и: 090000 Орал қ. Поименная көшесі, 2/2
 Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті8 (7262) 34-75-38  п/и:080000 Тараз қ. Төле би көшесі, 81
 Қарағанды  облысы  бойынша Экономикалық тергеу департаменті8 (7112) 56-70-00  п/и: 100012 Қарағанды қ. Хмельницкий  көшесі,14
 Қостанай  облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті8 (7212) 53-71-71  п/и: 110000 Қостанай қ. Б. Майлин көшесі,2А
 Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті8 (7242) 21-52-09  п/и: 120000 Қызылорда қ.                  Тасбөгет                           Есенова көшесі,16
 Маңғыстау  облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті8 (7292) 40-36-59  п/и: 130000 Ақтау қ. 31А-5 ықшам аудан
 Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті8 (7252) 77-14-48  п/и: 160002 Шымкент қ.                               Абай көшесі, 2
 Павлодар  облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті8 (7182) 61-29-19  п/и: 140000 Павлодар қ.                         Л. Толстой көшесі,98
 Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті8 (7152) 46-98-18  п/и: 150000 Петропавл қ., Н. Назарбаев көшесі,120
 Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті8 (7232) 24-06-05  п/и: 070004 Өскемен қ. Буров көшесі, 10/1
 Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті8 (7253) 33-29-87  п/и: 161200 Түркістан қ. Тәуке Хан көшесі,278 V
 Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті8-747-789-92-09п/и 070000 Семей қ, Чимкентская көш.,2
 Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті8 (7282) 24-11-25п/и 040000 Талдықорған қ., Қабанбай батыр көш.,49
 Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті8 (7102) 77-30-62п/и 100600 Жезқазған қ., Абай көш.,144

Өтініш бланкісі

Құқық қорғау органының

аумақтық бөлімшесінің,

ведомствосының немесе

 мекемесінің басшысына

_______________________

Өтініш

Маған __________________________

                Т. А. Ә. (бар болса, толық)

алғашқы кәсіби даярлыққа іріктеуге қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу шарттарымен және тәртібімен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

Келесі құжаттарды ұсындым:

1. _________________________

2. _________________________

3. _________________________

4. _________________________

5. _________________________

6. _________________________

7. _________________________

Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.

(Қолы)

А.Т.Ә. (болған кезде)

«____» _______________ 20____ж.

ӨМІРБАЯН

Өмірбаянды кандидат өз қолымен, еркін түрде, шимайсыз және түзетулерсіз, төмендегі мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жазады:
Автобиография пишется кандидатом собственноручно, в произвольной форме, без помарок и исправлений, с обязательным указанием следующих сведений:
— тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, ұлты, ана тілі, тағы қандай тілдерді біледі;
— фамилия, имя, отчество, дата и место рождения, национальность, родной язык, какими языками еще владеет; 
— қашан, қайда, қандай оқу орындарында оқыды, білімі бойынша мамандығы;
— когда, где, в каких учебных заведениях учился, специальность по образованию; 
— кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның толық атауы мен мекенжайы, бір жұмыстан басқа жұмысқа ауысу себебі көрсетіле отырып, кім болып, қашан және қайда жұмыс істеді, тәртіптік, материалдық немесе қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылды ма (қашан, кім қолданды, не үшін, ықпал ету шарасы);
— кем, когда и где работал с указанием полного наименования и адреса предприятия, учреждения или организации, причины перехода с одной работы на другую, применялись ли меры дисциплинарного, материального или общественного воздействия (когда, кем, за что, мера воздействия);
— әскери міндеттілікке қатысы, міндетті әскери қызметке қашан және қандай әскери комиссариат шақырды (егер шақырылмаса, себебі көрсетілсін), қандай әскери бөлімдерде (нөмірлері көрсетілсін) және кім болып қызмет өткерді, Қарулы Күштерден запасқа қашан және қандай лауазымнан босатылды, әскери атағы;
— отношение к воинской обязанности, когда и каким военкоматом призван на действительную военную службу (если не призвался, указать причину), в каких воинских частях (указать номера) и в качестве кого проходил службу, когда и с какой должности уволен в запас Вооруженных Сил, воинское звание;
— отбасы жағдайы, қашан некеге тұрды, әйелінің (ерінің) тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, ұлты, жұмыс орны мен лауазымы, тұрғылықты жері; кандидат пен оның әйелінің (ерінің) жақын туысқандары; әкесі, шешесі, аға-інілері, апа-қарындастары (сіңлілері) мен балалары, сондай-ақ бұрынғы әйелдері (ерлері) және олардың жақын туысқандарына қатысты осындай мәліметтер, ажырасу себептері көрсетіле отырып, некені бұзу туралы куәліктерінің нөмірлері, оларды қандай орган және қашан берді; егер кандидат, оның әйелі (ері) немесе жақын туысқандары тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, онда олардың бұрынғы анықтамалық деректері көрсетіледі, туысқандарынан кім ішкі істер органдарында немесе ішкі әскерлерде қызмет етеді (туысқандық дәрежесі, тегі, аты, әкесінің аты, қайда, лауазымы, арнайы немесе әскери атағы);
— семейное положение, когда вступил в брак, фамилия, имя, отчество, дата и место рождения, национальность; место работы и должность, место жительства жены (мужа); такие же сведения на близких родственников кандидата и его жены (мужа); отца, мать, братьев, сестер и детей, а также на бывших жен (мужей) и их близких родственников с указанием причин развода, номера свидетельств о расторжении брака, когда и каким органом оно выдано; если кандидат, его жена (муж) или их близкие родственники изменяли фамилию, имя, отчество, то указывается и их прежние установочные данные; служит ли кто из родственников в органах внутренних дел или во внутренних войсках (степень родства, фамилия, имя, отчество, где, должность, специальное или воинское звание);
— кандидат, оның әйелі (ері) немесе жақын туысқандарынан біреу шетел азаматтығында тұрды ма (кім, туысқандық дәрежесі), олардың ішінде кім шетелде болды (қашан, қайда, қандай мақсатпен) немесе тұрақты тұруға шетелге шығу үшін өтініш білдірді (қашан, қандай себеппен), шетелдерде тұратын туысқандары бар ма (тегі, аты, әкесінің аты, туысқандық дәрежесі, немен айналысады, қайда тұрады), олармен байланыс қалай іске асады; 
— состоял ли кандидат, его жена (муж) или кто-нибудь из их родственников в иностранном гражданстве (кто, степень родства), кто из них был за границей (когда, где, с какой целью) или ходатайствовал о выезде за границу на постоянное место жительства (когда, по какой причине), имеются ли родственники, проживающие за границей (фамилия, имя, отчество, степень родства, род занятий, где проживают), в чем выражается связь с ними; 
— кандидат, оның әйелі (ері) немесе олардың жақын туысқандарынан біреу қылмыстық не әкімшілік жауаптылыққа тартылған ба (қашан, не үшін, жазалау шарасы); 
— привлекался ли кандидат, его жена (муж) или кто-либо из их близких родственников к уголовной или административной ответственности (когда, за что, мера наказания); 
— соңғы жұмыс орны мен лауазымы, тұрғылықты жері, егер бір жерден екінші жерге көшуге тура келсе, бұрынғы тұрғылықты жерлері көрсетіледі. 
— место последней работы и должность, место жительства, если приходилось переезжать с одного места жительства на другое, то указываются прежние места жительства.
ӨМІРБАЯН АВТОБИОГРАФИЯ _____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты / фамилия, имя,
отчество)
______________________________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________