Академияның Ғылыми кеңесінің қорытынды отырысы

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында жеке құрамның қатысуымен Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтіп, онда алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

Іс-шараны ашқан Академия ректоры Марат Сексембаев биылғы жылы Академияның 2024-2028 жылдарға арналған стратегиялық міндеттерін айқындайтын маңызды құжат қабылданғанын атап өтті.

Академияның Даму стратегиясының негізгі мақсаттары – оқытудың заманауи моделін құру, құқық қорғау саласында ғылыми көшбасшылыққа қол жеткізу, сондай-ақ университеттің кадрлық және материалдық-техникалық әлеуетін одан әрі дамыту болып табылады.

Кездесу барысында құрылымдық бөлімшелердің есепті кезеңдегі елеулі жетістіктері атап өтілді, оның ішінде оқу үдерісін ұйымдастыру, мемлекетаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және т.б. 

Академияның ғылыми және тәжірибеге бағытталған бастамаларын жүзеге асыруға және есірткі өндірісінде қолданылатын прекурсорлар мен жабдықтарды бақылау үшін ведомствоаралық орталық құруға назар аударылды.

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру және Академияның магистранттары мен докторанттарының оқуын сәтті аяқтауы бойынша оң нәтижелері және екі түлекке PhD докторы ғылыми дәрежесінің берілуі атап өтілді. Сонымен бірге, талқылау қорытындысы бойынша Академия ректоры Академияның Даму стратегиясының ережелеріне, Мемлекет басшысы мен Бас Прокурордың тапсырмаларына негізделген тиісті бөлімшелердің алдағы кезеңге арналған нақты міндеттерін айқындады. Бұл ретте Академия қызметінің барлық бағыттары бойынша жұмыс сапасын қамтамасыз етуге баса назар аударылады