Құқық қорғау органдары академиясы құқық қорғау органдарының қызметін бағалау мәселелері бойынша ведомствоаралық ғылыми зерттеу шеңберінде Халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Қазақстан мен шет елдердің жетекші ғалымдары, практиктері мен оқу орындарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар құқық қорғау жүйесінің барлық құрылымдарын кешенді бағалау бұрын жүргізілмегенін атап өтті. Пікірталас шеңберінде құқық қорғау органдарының қызметін бағалаудың ғылыми тәсілдері, ұлттық заңнаманы талдау, сондай-ақ шет елдердің тәжірибесі мен халықаралық стандарттарды зерделеу талқыланды.
Талқылау барысында құқық қорғау органдарының қызметін дәлірек бағалау үшін сандық көрсеткіштермен бірге негізінен сапалық көрсеткіштерді қолдану ұсынылды. Құрылымға, штатқа, бюджетке, заңдылыққа, сондай-ақ қабылданған шешімдер мен қол жеткізілген нәтижелерді бағалауға қатысты оларды бағалаудың жаңа критерийлері ұсынылды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді, олар уәкілетті органдардың одан әрі пысықтауына бағытталады, сондай-ақ ғылыми зерттеу жүргізу кезінде ескеріледі.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі