ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «8D12301 – Құқық қорғау қызметі» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Асхат Бақытұлы Оракбаевтың «Виртуалдандыру жүйелерімен қылмыстарды тергеуді криминалистикалық қамтамасыз ету» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алуға диссертациясы қорғалады.

Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасында орындалды.

Қорғау тілі: орыс.

Ғылыми кеңесшілер:

— Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Н. Бегалиев;

— Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.В. Сырбу.

Рецензенттер:

— М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Бертовский Лев Владимирович;

— ҚР ІІМ Кадр саясаты департаменті ведомстволық білім беру ұйымы басқармасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты Еремеев Дмитрий Витальевич.

Қорғау 2024 жылғы 20 маусымда сағат 11:00-де Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94 құрылыс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының диссертациялық кеңесінде өтеді.

Қосылу сілтемесі: Zoom конференциясы — https://us06web.zoom.us/j/82312037276?pwd=pbC1kKOMflEKGuYWwAcYBMdkGw2a1O.1 Конференция идентификаторы: 823 1203 7276, кіру коды: 1111.

Сайт мекен-жайы: http://academy-gp.edu.kz/.

Құжаттар