Өскеменде адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша үшінші өңірлік тренинг өтті

Осы жылдың 15-17 мамыр аралығында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Абай облыстарының прокуратура, сот жүйесі және полиция қызметкерлері үшін үшінші өңірлік тренинг өтті.

Іс-шараны Құқық қорғау органдары академиясы Халықаралық көші-қон ұйымымен бірлескен жоба аясында, АҚШ Елшілігінің INL бөлімінің қолдауымен ұйымдастырды.

Тренингтің ашылуында INL директоры Джулиана Садовски ханым: «Адам саудасына қатысты істер бойынша қылмыстық қудалау кінәлі адамдарды жауапқа тартуға да, зардап шеккендерді қорғауға да бағытталған кешенді тәсілді қажет етеді. Бұл процесте құқық қорғау және сот органдарының өкілдері ең маңызды, шешуші рөл атқарады. Сондықтан өз біліміңізді үнемі кеңейтіп, әріптестеріңіздің практикалық тәжірибесін, сондай-ақ осы қылмысты анықтау, тергеу және қылмыстық қудалаудың тиімді инновациялық әдістерін зерделеу маңызды» деп атап өтті.

Тренинг барысында судьялар, прокурорлар мен полицейлер адам саудасы саласындағы заңнама мен құқық қолданудың проблемалық мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Сарапшылармен бірге олар адам саудасының әртүрлі заманауи түрлерін, адам саудагерлері қолданатын тактиканы және белгілі бір сәтті істер бойынша тергеудің қыр-сырын зерттеді. Ұлттық жаттықтырушылар зардап шеккендердің қажеттіліктеріне бағытталған тәсілдерді қолданудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Іс жүзінде туындайтын мәселелердің мәнін түсіне отырып, судьялар, прокурорлар мен полицейлер қорытынды практикалық ұсынымдарды қалыптастыру үшін мүмкін болатын шешімдерді ұсынды.

Осы форматтағы қорытынды өңірлік тренингтер биылғы жылдың маусым айында Ақтау қаласында және осы жылдың шілде айында Алматы қаласында өткізіледі.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі