Ғылым қызметкерлері күнін мерекелеуге орай Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасындағы алғашқы Ғылыми даму мектебінің ашылғанын хабарлайды.
Жаңашыл ғылыми-білім беру алаңы жаңадан бастағандарды да, бұрыннан қалыптасқан зерттеушілерді де ғылыми жетістіктерге ұмтылуда қолдау көрсету үшін құрылған.
Мектеп Академия қызметкерлерінің және барлық мүдделі тұлғалардың ғылыми және білім беру әлеуетін дамытуды, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуді, ұлттық және шетелдік ғалымдармен ғылыми байланыстарды нығайтуды көздейді.
Мектеп бағдарламасы қатысушыларға жеке білім беру траекторияларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін еріктілік және оқытуды жекелендіру принциптеріне негізделген.
Жаңа жобаны Академияның Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының базасында жүзеге асыру жоспарлануда, ал алғашқы сабақтарды бас ғылыми қызметкер, заң ғылымдарының докторы, доцент Сәбигүл Бекішева жүргізеді.
Ғылыми даму мектебі заң ғылымындағы жаңа идеялар мен тәсілдердің дамуына ықпал ете отырып, ғылыми қоғамдастықтың дамуына қуатты ынталандыру болуға арналған.
Қосымша ақпарат алу және алғашқы сабақтарға жазылу үшін +7 701 329 2412 (Бекішева Сәбигүл Джанабайқызы) телефоны арқылы хабарласуға болады.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі